Міңездеме
Тулепова Адия Танаткановна 2017-2018 оқу жылынан бастап Қостанай педагогикалық колледжінің студенті. Ол 2002 жылы маусы айының үшінші жұлдызында Қостанай облысында дүниеге келген. 2017 жылдан бастап топ басшысы болып келеді. Ол сабырлы, мейірімі мол, сыныптастарының арасында беделі бар студент. Колледж шараларына белсенді қатысып қана қоймай, колледж өміріне жауапкершілікпен қарайды. Топ ішінде туып жатқан қиындықтарды, топ жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай қоғамдық жұмыстарға да белсенді қатысады. Адия өте жақсы отбасында тәрбиеленеді, ол анасына да қолғанат. Жалпы, Адия сырлы мінез, группаластары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген студент деп айта аламын.
Оқу барысында студенттің жалпы білім деңгейі жоғары, себебі Адия өз білімін жан – жақты жетілдіреді. 1 курстан бері үздік шәкіртақы алады.Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Адия колледждегі шараларда өз өнерімен жоғары нәтижелерге жетіп жүр
Колледждегі мүғалімдер ұжымымен жақсы қарым-қатынаста. Колледж ұжымының мүшелерімен ғана емес, сонымен қатар жоғары тұрған инстанция өкілдерімен де жылдам тіл табыса алды.
Заманауи талаптарға да сай деп қорытынды жасауға болады. Колледждегі оқу барысындаАдия өзін жақсы қырынан көрсете білді. Компьютерлік бағдарламаларды: MS Excel, Word, PowerPoint, Photoshop бағдарламаларын жақсы меңгеріп, олармен жұмыс істей алатындығын дәлелдей білді.
Сонымен қатар, Адия жан-жақты толықтай жетілген тұлға деуге толық сенім бар. Тәрбие сағаттарында оқылған баяндамаларда өз ой-пікірін ашық айтады.Өзіне тапсырылған тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Тулепова Адияның болашақта білікті де, білімді, үлгілі, Қазақстан Республикасына адал қызмет ететін азаматша болатынына сенемін.